КТК жаңа маусымда жаңа бағдарламаның тұсауын кеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
0 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК жаңа маусымда жаңа бағдарламаның тұсауын кеседі

КТК жаңа маусымда жаңа бағдарламаның тұсауын кеседі

КТК күзгі тұсаукесерлер шеруін бастайды. Әдеттегідей, арнамыз бұл жолы да жаңа маусымға бірқатар тың жобаларын әзірлеп отыр. Ойын-сауықтан бастап, түрлі журналистік зерттеулерге негізделген әлеуметтік-қоғамдық бағдарламалар мен ток-шоуларға дейін бар. Тіпті арнамызда тұңғыш халықаралық таралымға берілетін телевизиялық «Теллуриядан келгендер» атты мультсериал көрсетілмек. Ал әріптесіміз Нартай Аралбайұлының жүргізуімен 6-шы күркүйекте «Хеллоу, Қазақстан» деп аталатын реалити-шоу эфирге шағады.

  • 29 Тамыз 2014
  • 410
Фото - Caravan.kz

«КТК» бәрінен де қара халыққа жақын арнаның бірі. Оған «Жаңалықтар» қызметінің өзі де дәлел. Десе де енді оның қатары «Главная редация», яғни «Орталық редакция» деп аталатын қосымша жобамен толығып отыр. Бағдарлама тың журналисттік зерттеуге негізделген. 

Сондай-ақ, «Астарлы ақиқаттың » да бұл маусымда жалғасы бар. Тілі өткір Дина Төлепберген әр жексенбі сайын 17:30-да көпшілікпен қауышатын болады. Әдеттегідей ақиқаттың сан түрі ашылмақ. 

Бұдан өзге қазақтың ең жоғары рейтингке ие болған — «Тойбестстар» мен «КТК-да Қабатов» бағдарламалары да қайтадан қызыққа кенелтпек. Шақырған жаңа қонақтар, әзірлеген жаңа әндері мен жаңа қалжындары көп. Қос шоуды күткендер демалыс күндерінің кешінде теледидар алдына жиналуына болады.  

Алаштың игі жақсыларымен сыр-сұхбат жүргізетін Жадыра Сейдештің авторлық жобасы «Жүрекжарды» да жалғасады. Күздің алғашқы көрсетілімде – Бауыржан батырдың келіні Зейнеп Ахметова, академик Мұрат Жұрынов, бокс бапкері Тұрсынғали Еділов, Сенат депутаты Нұрлан Оразалин өмір сырларымен бөліседі. Әр сенбі 16:00-де. 

Ал бұл қазақ телевизиясында бұрын-соңды болмаған тың жобаның бірі – «Хеллоу, Қазақстан» бағдарламасы. Реалити-шоудың тұсауы 6 қыркүйекте, сағат 15:00-де кесілмек. Оған қазақ болмысымен танысуға ниетті 12 шетелдік азамат қатысады. Бағдарлама тізгіні Нартай Аралбайұлының еншісінде.


Күзгі базарлық балаларға да бар. Осы сенбіден бастап, арнамыздың ең кішкентай көрермендері үшін «Теллуриядан келгендер» атты мультсериал көрсетілмек. Айта кетерлігі, бұл КТК-нің анимация жанрындағы төл туындысы. Ал «Наша правда» ток-шоуы енді аптасына екі мәрте шығады.