Отандық дәрігерлер өлім аузында жатқан жігітті дертінен айықтырып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
0 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отандық дәрігерлер өлім аузында жатқан жігітті дертінен айықтырып жіберді

Отандық дәрігерлер өлім аузында жатқан жігітті дертінен айықтырып жіберді

Еліміздің дәрігерлері бұрын-соңды болмаған ауыр отаны сәтті аяқтады. Бұған дейін 24 жастағы жігітке көмектесуге шетелдік мамандар да қауқарсыз болған. Ал қатты соққыдан басының тамырына зақым келген пациентті отандық мамандар дертінен айықтырып жіберді.

  • 29 Тамыз 2014
  • 243
Фото - Caravan.kz

Жол апатынан ауыр зардап шеккен Дамир Қасымбаев 4 күн бойы ес-түссіз жатқан. Оның бас тамырына зақым келіп, мұрнынан қан тоқтамаған. Осыдан кейін Президенттің іс басқармасы орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері астаналық әріптестерімен бірге жігіттің денесін кеспей қан тамырына ота жасады. Қазір емделушінің жағдайы қалыпты. Жақын арада қызметіне оралмақшы. Ал отаның бұл түрі «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалды.


Дамир Қасымбаев, емделуші:

-Көзім көрмейді соны уайымдадым. Бірдеңе айтқым келсе, сөздерді шатастырам. Түнде ұйықтау қиын болды.Операциядан шықтым. Сол күні жан сақтау бөлімінде басымдағы шудың жоқ екенін сезіндім. Тыныштықтын рахатына бөлендім.