Кентауда ондаған отбасы құлағалы тұрған үйлерде тұрып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
0 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кентауда ондаған отбасы құлағалы тұрған үйлерде тұрып жатыр

Кентауда ондаған отбасы құлағалы тұрған үйлерде тұрып жатыр

Оңтүстік Қазақстандағы Кентау қаласында ондаған отбасы құлағалы тұрған үйлерде тұрып жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлері іргетастары үгітіліп, қабырғалары жарылып кеткен бұл үйлерде тұруға болмайды деп осыдан 3 жыл бұрын ескерткен екен. Бірақ орнына жаңа баспана салып беруге жергілікті қазынада қаржы болмай, Кентаулық басшылар содан бері облыстық бюджетке телмірумен келеді. Ал шенділер қаржы мәселесін шеше алмай жүргенде 33 шаңырақ Қарағандыдағы Бесобаның тағдырын кешеміз бе деген үреймен жүр.

  • 29 Тамыз 2014
  • 300
Фото - Caravan.kz

Бұл кісілердің үйіндінің астында қалып қоямыз ба деп үйрейленіп жүргеніне осымен үшінші жыл. Қорқатынындай жөні бар. Себебі, қатарласып тұрған үйдің үшеуі де соғыстан кейінгі баспаналарға көбірек ұқсайды.

-Тұрғызылғанына 60 жылдан асқан көпқабатты үш тұрғын үй бірде бір мәрте күрделі жөндеу көрмеген. Қазіргі күйінен кісі шошиды. Құлаудың аз-ақ алдында тұр. Тек, мұнда 33 шаңырақ амалының жоғынан тұрып жатыр.

Мұхамеджан Бекметов 10 жылдан бері осында тұрады. Отбасындағы 8 адамның жартысы мүгедек. Мемлекеттен берілетін азын-аулақ жәрдемақыны негізінен пәтерін жамауға жұмсапты. Шұрқ тесік үйді жөндеу тым қымбатқа түскен соң қазір қолды бір-ақ сілтеген.

Мұхамеджан Бекметов, Кентау қаласының тұрғыны:

-Міне 5 ай болды  шаршадым. Мүгедектігім үшін берілетін ақшаға жөндеу жасаймын ба, әлде бала шағамды бағам ба? 6 балам  бар.

Мына пәтерден жақында ғана көпбалалы отбасы шығып кеткен. Өйткені қабырғалар көз алдымызда қақырап жатыр. Бүтін жерінен тесігі көп пәтер қазір ашық. Кіріп-шығудың өзі қауіпті.

Мына дуал құлаған күні үстімізге түсуі мүмкін. Мына жерде бір отбасы шығып кетті кішкентай майда балдары бар. Ертеңгі күні далада тұрған дұрыс. 

Осыдан үш жыл бұрын үйлерді тексерген төтенше жағдай қызмкеткерлері мұнда тұруға болмайды деп ескертіпті. Үш жылда жұрт жергілікті әкімдікке сан мәрте сабылып барған. Алайда, Кентаудың қазынасында апатты үйлердің тұрғындарына өтемақы беруге қаржы жоқ. Облыс басшылары шешеді екен. Үш жылдан бері олардың біреуіне ғана ақша бөліпті.


Арман Башаров, Кентау қалалық әкімдігі бөлім бастығының орынбасары:

-Кентау қаласында апатты деп танылған 5 үйдің Панфилова 17-ші көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарына төлемақысын төлеуге мүмкіншілік бар. Ал, қалған 4 үйдің тұрғындарына пәтердің төлемақысын төлеу келесі бюджеттік комиссияға ұсынылып, қаржы бөлінген жағдайда толығымен шешіледі.

Ал бөлінген ақша тұрғындардың көңілінен шықпай отыр. Себебі, 3 бөлмелі үйдің орнына бір бөлмелі пәтер ғана алатын ақша берген.

Құралай Исабекова, Кентау қаласының тұрғыны:

-Үйге-үй, берсе дейміз ақшадан бұрын. Ол беріп жатқан ақшаға біз қанағаттанбаймыз. Оған біз үй ала алмаймызда. Мына қаланың ішінен ала алмаймыз.

Алайда әкімқаралар Кентауда артық үй де, жер де жоқ дейді. Яғни, егер тұрғындар берілген ақшаға келіспесе сотқа жүгінуі керек.