Жекеменшік жанармай құю бекеттері бензин бағасының тағы өскенін қалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
0 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жекеменшік жанармай құю бекеттері бензин бағасының тағы өскенін қалайды

Жекеменшік жанармай құю бекеттері бензин бағасының тағы өскенін қалайды

Елімізде бензин дауы басылар емес.  Енді жеке  жанармай құю бекеттерінің тәбеті  артып отыр. Тіпті бензин бағасын тағы да көтеруді сұрап бүгін тосын мәлімдеме жасады. Оның үстіне ішкі нарықтағы тапшылықты  ортадағы делдалдардан көріп отыр.

  • 29 Тамыз 2014
  • 280
Фото - Caravan.kz


Сергей Смирнов, сарапшы:

-Қиындықтан шығудың жалғыз жолы — жуық арада жанармай құнын тағы өсіру керек. Немесе Ресейдің бензиніне еркін баға бекіту қажет. Сол арқылы отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы  жөндеу жұмыстарын жылдамдатуға да  болады. Ал Үкіметтің қазіргі 128 теңгені қайдан алғаны белгісіз. Нақты бекітілген, жалпыға ортақ формулаға салсақ, мұндай баға  мүлдем шықпайды.

Осылайша, Үкіметті  айыптаған жанармай құю бекеттері қожайындарының үні қатқыл шықты. Айтуларынша,  АИ-92 маркалы бензиннің  128 теңгеге ғана көтерілгені дұрыс емес. Оны әлде де өсіру керек екен. Сондай-ақ, жанармай қауымдастығындағылар үшін отандық 3 мұнай зауытынан шыққан  өнімнің   кімге және қай мөлшерде үлестіріліп жатқаны да жұмбақ. Оның үстіне бензин тапшылығына көтерме саудамен айналысатындар кінәлі екен. Осы бетімен кеткен  ортадағы делдалдарды сабасына түсіргенде ғана  бензин бағасы тұрақталмақ. Сондай-ақ, сарапшылар алдағы уақытта жанармай тапшылығынан қатты қиналатынымызды айтады. АИ-92-ге деген ішкі сұраныс  300 мың тонна болса, мемлекеттік қорда небәрі 160 мың тонна бензин қалған.