Эбола індетін 20 мыңға жуық адам жұқтыруы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
0 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эбола індетін 20 мыңға жуық адам жұқтыруы мүмкін

Эбола індетін 20 мыңға жуық адам жұқтыруы мүмкін

Британдық GlaxoSmithKline фармацевтикалық компаниясы Батыс Африканы дендеген  Эбола вирустық безгегі індетімен күресу үшін 10 мың мөлшер эксперименттік сарысу дайындап шығаруға әзір екендігін мәлім етті. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

  • 29 Тамыз 2014
  • 486
Фото - Caravan.kz

Корпорация өкілдерінің айтуынша, вакцина америкалық зертханамен бірлесіп әзірленді, дәріні толық көлемінде шығару келесі жылы жолға қойылмақ.

АҚШ-тың GlaxoSmithKline фармацевтикалық компаниясы қазір вакцинамен жұмыс жасауда.

Канадалық KTM-Ebola мен америкалық Zmapp — екі эксприменттік препараты әзір. Алайда дәрі тестілеуден өтуде. Сонымен бірге олар  аз мөлшерде ғана шығарылды.

ДДСҰ бейсенбіде, конференцияда өлімге әкеп соқтыратын вирусты 20 мыңға жуық адам жұқтыруы мүмкін екендігін хабарлады.