«Алматы – іңкәрім менің» фестивалі Голливуд стилінде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы – іңкәрім менің» фестивалі  Голливуд стилінде өтеді

«Алматы – іңкәрім менің» фестивалі Голливуд стилінде өтеді

«Алматы – іңкәрім менің» фестиваліне кіру билеті қазір шектеулі мөлшерде ғана қалды. Небәрі 5 күннің ішінде 5 мың шақыру қағазының барлығы да таратылып кеткен. Енді тек 4-қыркүйекке дейін жалғасатын викториналарға тігілген билеттерді ғана алуға болады.

  • 30 Тамыз 2014
  • 426
Фото - Caravan.kz


Алатаудың бөктерінде өтетін ретро-кешке осымен екінші жыл тегін кіру жүйесі қосылған. Бірақ фестивальдің ресми сайты — «Almalove.kz-ке» тіркеліп, қолыңызда арнайы шақырту қағазыңыз болуы тиіс. Немесе радио мен ғаламтор беттерінде жүргізіліп жатқан түрлі викториналарға қатысып, екі билет ұтып алуға болады. Сонымен, «Алматым – іңкәрім менің» фестивалі 6 қыркүйекте көпшілікті Халықаралық шаңғы трамплині кешенінде күтеді. Осымен 15-ші мәрте шымылдығы ашылатын концерт Голливуд стилінде өтеді деп күтілуде. Оған жүзге жуық әнші қатысып, ескі әндерді жаңаша түрлендірмек. Дәстүрге сай биыл да ретро-мерекеге арнайы шақырылған шетелдік жұлдыздар көп.