Диетологтар: Сәл артық салмақ адам өмірін ұзартады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Диетологтар: Сәл артық салмақ адам өмірін ұзартады

Диетологтар: Сәл артық салмақ адам өмірін ұзартады

Америкалық ғалымдар артық салмаққа қатысты жаңа қорытынды шығарды.

  • 1 Қыркүйек 2014
  • 487
Фото - Caravan.kz

Олардың пайымынша, сәл артық салмақ керісінше адамға пайдалы екен.

АҚШ-тың Огайо университетінің мамандары бұл жаңалықты ашу үшін 18 жыл тер төккен. Жобаға 18 жастан жоғары 10 мыңнан астам адам қатысқан, деп жазады Myjane порталы.

Белгілі болғандай, 50 жастағы сәл артық салмағы бар адамдардың еш артық салмағы жоқ замандастарына қарағанда 15 жылдай артық ғұмыр кешуге мүмкіндігі болған.

Ғалымдардың айтуынша, салмақтың күрт өзгеруі адам ағзасына қауіпті. Одан көрі, сәл артық болса да, тұрақты салмақ болғаны жөн. Себебі, ашығу өз кезегінде адамды күйзеліске шалдықтырады.