ХАМАС жаңа мемлекет құруды қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХАМАС жаңа мемлекет құруды қолдады

ХАМАС жаңа мемлекет құруды қолдады

ХАМАС басшылығы тәуелсіз мемлекет құру туралы жоспарды қолдады. Бұл ұсынысты Палестина Президенті Махмуд Аббас жасады, деп жазады 24.kz.

  • 1 Қыркүйек 2014
  • 372
Фото - Caravan.kz

Құжат Катарда өткен кездесуде бекітілген. Жоспар үш сатылы стратегияны қамтымақ.

Бірінші, АҚШ Израиль мен Палестина шекарасын белгілейді. Осыдан кейін палестиналықтар АҚШ-тан Израильдің 4 ай ішінде мемлекеттің тәуелсіздігін мойындауын қамтамасыз етуді талап етеді.

Егер жауап болмаса, Палестина БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне Араб елдері лигасы арқылы ел аумағынан келісілген уақытта Израильді эвакуациялау туралы өтініш жібермек.

Үшінші нұсқа — мәселені халықаралық қылмыстық сот аясында заңды түрде шешу. Оның мүшесі бола отырып, Палестина Израиль тарапына «бейбіт тұрғындарға қарсы әскери қылмыс жасағаны үшін» ресми түрде айып таға алады.