Мүлік иесі меншігіндегі дүниені жариялағаны үшін еш жазаланбайды. Яғни, осы уақытқа дейін мемлекетке бір тиын салық төлемей, заңсыз табыс тауып келгені де кешіріледі. Бірақ, бай-бағландар капиталдың шынында да өз еңбегімен тапқан, жеке дүниесі екенін дәлелдеп беруі тиіс. Үкімет осы науқан арқылы бюджет бүйірін толтырамыз деп алақандарын ысқылап отыр.
Өйткені, бір жарым жылдың ішінде 12 миллиард долларды заңдастыруды жоспарланған. Жалпы, Қазақстанда мүлікті заңдастыру осымен үшінші рет өтуде. Мысалы, 2001 жылы жұрттың жасырып-тыққан 480 миллион доллары, ал 2007 жылы 7 миллиард доллар анықталған еді.