Калачи тұрғындарын тағы ұйқы қысып естен танып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калачи тұрғындарын тағы   ұйқы қысып  естен  танып  жатыр

Калачи тұрғындарын тағы ұйқы қысып естен танып жатыр

Калачиде кесел қайта өршіп жатыр. Себебі белгісіз ұйқы ауруымен танылған Ақмола облысындағы бұл елді-мекенде тағы 8 адам қалың ұйқыға кеткен. Оның үшеуі – оқушы. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, балалар алғашқы қоңырау мерекесінен соң үйлеріне қайтып бара жатқанда жарты жолда талып қалыпты.

  • 2 Қыркүйек 2014
  • 226
Фото - Caravan.kz


Табан асты ұйқы қысқан жасөспірімдерді көшеде жатқан жерінен өз сыныптастары тауып алған. Қазір балалардың барлығы ауруханада. Палаталарда ұйықтап жатыр. Өткен аптада Калачи ауылының 5 ересек тұрғыны да дәл осылай есінен таңып құлаған болатын. Осылайша белгісіз сырқат Калачилықтардың әлі де есін жиғызар емес.Былтыр наурыздан басталған ұйқышылдық дерті ауылдың 50-ден астам тұрғынын аяқтан құлатты. Ал мамандар сырқаттың нақты себебін әлі күнге анықтай алар емес.