Маңғыстау облысында радиоактивті затқа толы контейнер жолда түсіп қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында радиоактивті затқа толы контейнер жолда түсіп қалған

Маңғыстау облысында радиоактивті затқа толы контейнер жолда түсіп қалған

Маңғыстау облысында төтенше жағдай! Мұнда шұғыл әрекет ету қызметі бірнеше күннен бері радиоактивті затқа толы контейнерді іздестіріп жатыр.

  • 2 Қыркүйек 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz


Мамандар аса қауіпті цезийді облыс орталығына зерттеуге апара жатқан екен. Сол кезде абайсызда көліктен түсіп қалыпты. Цезийге толы баллондар Шетпе және Сайөтес тас жолында жатуы мүмкін деген болжам бар. Оны іздестіруге тіпті әскерилер де жұмылдырылған. Ал, полицейлер болса, жергілікті тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. Егер контейнерді тапқан жағдайда оны ашпауға кеңес береді.