Елімізде қазақ тілінде білім алатын балалардың саны артқан - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қазақ тілінде білім алатын балалардың саны артқан

Елімізде қазақ тілінде білім алатын балалардың саны артқан

Алматының мектептерінде де бүгін алғашқы қоңырау соғылды. Жаз бойы демалып, сергіп алған 160 мыңға жуық оқушы қайтадан мектеп партасына жайғасты. Олардың 15 мыңы бірінші сыныпқа қабылданып отыр.

  • 2 Қыркүйек 2014
  • 369
Фото - Caravan.kz

Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ мектебіндегі алғашқы қоңырау бұрынғы дәстүрінен жаңылмаған. Бүлдіршіндерді бірінші сыныпқа қабылдау, кейін,   алғашқы қоңыраудың соғылуы барлығы жоспар бойынша. Бұл білім ордасының оқушылары үшін 1-қыркүйек нағыз мейрам. Мұнда биыл 262 қазақ баласы қабылданған. Бір айта кетерлігі елімізде қазақ тілінде білім алуға ниет білдірген оқушылардың саны артып келеді. Тәуелсіздік алған жылдары Алматыда қазақ тілді оқушы небары 8 мың болса, бүгінде олардың саны 90 мыңға жеткен.


Аружан Ахметова, 1-ші сынып оқушысы:

-Бүгінгі мейрамға қуаныштымын.

— Сабағыңды жақсы оқисың ба енді?

-Иа, сабағымды жақсы оқимын.