Эбола індеті Сенегал еліне де жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эбола індеті Сенегал еліне де жетті

Эбола індеті Сенегал еліне де жетті

Африка елдеріне жаппай жайыла бастаған Эбола індеті құрлықтың батысындағы Сенегал еліне де жетті.

  • 2 Қыркүйек 2014
  • 245
Фото - Caravan.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұқпалы дерттің бұл елге енуіне 21 жастағы гвинеялық азаматтың себепкер болғанын мәлімдеді. Бұл жігіт Сенегалға Гвинеядан 20 тамызда көлікпен келіпті. Ол 3 күннен кейін Эбола безгегінің белгісімен ауруханаға жатқызылған. Артынша дәрігерлер оның айықпас дертке шалдыққанын растады.

Сенегалдың билік өкілдері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан індетке байланысты көмек беруді сұрап отыр. Соңғы ақпаратқа сәйкес, Батыс Африка елдерінде осы дерттен 1552 адам көз жұмған, деп жазады 24.kz.