Ресейге дизельдік отынның контрабандалық жолмен өткізілуіне тосқауыл қойды.
Дүйсенбіде ҰҚК шекара қызметінен таралған ақпаратта атап өтілгендей, өткен демалыс күндері шекаралық наряд "Ивеко" көлігімен еліне қайтып бара жатқан 40 жастағы ресейлікті ұстады.
"Оның 26 тонна дизелдік отынға құжаттары болмады", делінген ақпаратта.
Бұл факті туралы құқық қорғау органдарына хабарланды.