"Әр министрдің өз саласы бойынша қажетті өкілеттігі болады, басқа бір деңгейлерге жүктемей, ол қабылданатын шешімдер үшін толықтай өзі жауап беретін болады. Бұл талапты заңды түрде реттеу керек, сәйкесті түзетулер енгізу қажет", деді президент 5-ші шақырылымдағы IV парламенттік сессияның ашылуы кезінде.
Ол атап өткендей, үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық мәселелерге зейін қоюға тиіс.