Онда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды «Көк-Төбе» бағының бас директоры Нұрлан Қазиев.
«Аспалы жол толығымен қайта қалпына келтіріледі.Төменгі және жоғарғы станциялар мен тіреулердің үшеуі де бұзылады. Қазіргі аспалы жолдың орнына гондол типтес жаңа жол салынады. Сегіз орындық кабиналар қойылып, алты тіреу орнатылады», — деді ол.
Бас директордың айтуынша, бүгін аспалы жолдағы инфрақұрылымдарды бұзу жұмыстары басталды. Оны қайта қалпына келтіру жұмыстарымен француздың «Poma» компаниясы айналысады. «Біз әлемдегі үздік компаниялардың бірін таңдадық. Олар салған жолдар да жұмсақ», — деді Н.Қазиев.
Жоспар бойынша, аспалы жол 1-маусым – Балаларды қорғау күнінде пайдалануға берілуі тиіс. «Бірақ, мамыр айында біз оны сынақтан өткізе бастаймыз. Сондықтан, сәл ертерек ашылуымыз да мүмкін», — деді ол.
«Бұған дейін аспалы жол мүлдем жаңартылмаған. Осыдан тоғыз жыл бұрын оның жиілігі, қозғалтқышы, яғни, қауіпсіздік жағынан жаңартылды. Енді бәрі де жаңартылады», — деді Н.Қазиев.