Мәслихат депутаттарын сайлау қашан өтетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәслихат депутаттарын сайлау қашан өтетіні белгілі болды

Мәслихат депутаттарын сайлау қашан өтетіні белгілі болды

12 қыркүйектен бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына тіркелген барлық үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте комиссияның баспасөз хатшысы Венера Жексембекова айтты.

  • 2 Қыркүйек 2014
  • 893
Фото - Caravan.kz


«Сенат депутаттығына үміткерлерді тіркеу 11 қыркүйекке дейін жалғасады, ал 12 қыркүйектен бастап барлық тіркелген үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады», — деді ол.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну 31 тамызда аяқталған болатын. 2 қыркүйектегі жағдай бойынша барлық ұсынылған 88 үміткердің 59-ы облыстар және Астана мен Алматы қалаларындағы сайлау комиссияларынан тіркеуден өтті. Ұсыну қорытындылары бойынша сенаторлық бір мандатқа 5 үміткерден келіп отыр.