Жобаны жүзеге асырудың ағымдағы мәселелерін серіктестер облыс әкімі Ерік Сұлтановпен өткен кездесу барысында талқылады.
«Петропавл қаласында машина жасауға мүмкіндіктер бар. Жобаны жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалды», — деді СҚО әкімі Ерік Сұлтанов.
Бұл бастаманы көтергендер қазақстандық «Самұрық қазына инвест» ЖШС және «Sampo Rosenlew» компаниясы.
«Біздің мақсатымыз — жергілікті жұмыс күшінің көмегімен сапалы, еуропалық комбайндар шығару», — деді «Sampo Rosenlew LTD» компаниясының президенті Яли Прихти (Финляндия, Пори қаласы).
Бүгінде серіктестерде рұқсат берілген құжаттар бар, ЖШС құрылған. Қазір ғимарат алу мәселесі шешілуде. Жобаның жалпы құны 1 млрд. 900 млн. теңге.
Болжам бойынша кәсіпорын жылына 200 бірлік ауылшаруашылық техникасын шығармақ. Сонымен қатар 128 жұмыс орны құрылады деп күтілуде.