Павлодарда ғаламторды шулатқан боқтампаз балаға іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда ғаламторды шулатқан боқтампаз балаға іздеу жарияланды

Павлодарда ғаламторды шулатқан боқтампаз балаға іздеу жарияланды

Ауызына келгенді айтып, ғаламторды дүр сілкіндірген Павлодарлық боқтампаз баланы полиция іздестіріп жатыр. Бірақ әзірге бұзақы бүлдіршін мен оның ата-анасын қала аумағынан таппақ түгілі, аты-жөнін де анықтай алар емес. 

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 406
Фото - Caravan.kz

Екі сөзінің бірін боқтап сөйлейтін мына баланың жасы шамамен үштерде.  Ғаламторда шілденің 21-і күні пайда болған бұл бейнероликте бүлдіршін ересектерге өзін «Әлішер» деп таныстыруда. Полицейлер шілде мен тамыз айларында оны қаланы шарлап жүріп іздеген екен. Тәртіп сақшылары тіпті ойын алаңдарын, жағдайы төмен отбасылар мен мектепке дейінгі мекемелерді де аралап шығыпты. Бірақ, баланы сол күйі таба алмаған. Енді прокуратура жергілікті билікке хат жолдап, бұл іске өзге органдардың да араласуын сұрауда.   

Азат Боранбаев, Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі:

-Баланы қала көлемінен іздеп таба алмадық. Сондықтан оны аймақ аумағында іздестіру шараларына облыстық әкімдік пен ішкі істер департаментін де тартып жатырмыз. Егер сәтін салып, үй-ішін таба қалсақ, әке-шешесі әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл төлейтін болады.