Оралда жалғыз әуежай жабылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жалғыз әуежай жабылып қалды

Оралда жалғыз әуежай жабылып қалды

Оралға енді ұшақ қатынамайды. Бүгіннен бастап мұндағы жалғыз әуежай жабық.         

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 252
Фото - Caravan.kz

Оған себеп табан асты басталған күрделі жөндеу жұмыстары. Ұшып-қонатын тас жолдардың әбден тозығы жеткен. Тасы шағылып, жолақтарына шөп өсіп кетіпті. Әуежай ұзақ уақыт жекенің қолында болған екен. Сол себепті де жөндеу көрмеген. Енді мемлекетке қайтарылып, оны ретке келтіруге бюджеттен 6 миллиард теңге бөлініпті. Әуежай қалпына келгенше, оралдықтарға Атырау арқылы ұша тұруға тура келеді.

Азамат Тұраш, Орал әуежайы бас директорының міндетін атқарушы:

-Ұшу-қону алаңын жөндеу керек. Оны жөндеп болғаннан кейін біздің әуежай ашылып, 5-ші қарашадан бастап қайтадан ұшақтарымызды жібереміз. Соған дейін кішкене шыдау керек.