"Біздің әріптесіміз Андрей Стенин қаза болды. Ол тұтқынға түспеген екен", делінген "Россия сегодня" бас директоры Дмитрий Киселевтің мәлімдемесінде.
"Ол бір ай бұрын редакция тапсырмасын орындамақ болғанда көліктің ішінде қаза болыпты. Автомобильге жолда оқ атылған және көлік өртелген. Бүгінде сараптама нәтижелері көлік ішінде шын мәнінде де 33 жастағы жас жігіт Андрей Стениннің болғандығын көрсетті", делінген мәлімдемеде.
Украинаның шығысында жұмыс істеген фототілші А.Стенин тамыз айының басында хабарсыз кеткен болатын, осы кезге оның тағдыры туралы еш жаңалық болмаған.