Қазақстан ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде өз орнын сақтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде өз орнын сақтап қалды

Қазақстан ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде өз орнын сақтап қалды

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның 2014-2015 ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 1246
Фото - Caravan.kz

  тағы да 50-ші орынға шықты, орташа балы 4,4, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінен.

Биыл рейтингті қайтадан Швейцария бастауда, ол соңғы алты жыл бойы бұл орынды бермей отыр. Одан кейін Сингапур, АҚШ, Финляндия және Германия.

Биыл бұл индекс бойынша 144 ел бағаланды (өткен жылы– 148). Биыл Тәжікстан қайтадан рейтингке оралды, бес ел енбей қалды, олар: Бенин, Босния және Герцеговина, Бруней, Эквадор, Либерия.

Индекс 114 көрсеткіш негізінде есептеледі, оның 34 статистикалық деректерге негізделген, қалғаны орташа және ірі кәсіпорын басшыларының бағалаулары негізінде.

Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары бұрынғыдай, еңбек рыногының тиімділігі (15-ші орын, 2013 – 15) және макроэкономикалық орта (27-ші орын, 2013 – 23).


Қазақстанның әлсіз жағы денсаулық сақтау мен бастауыш білім (96, 2013 – 97), қаржы рыногының дамуы (98, 2013 – 103), компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі (91, 2013 – 94) және инновациялар (85, 2013 – 84).