алматы облысында 12 тонна рельсті ұрлады деген күдікпен 11 адам құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
алматы облысында 12 тонна рельсті ұрлады деген күдікпен 11 адам құрықталды

алматы облысында 12 тонна рельсті ұрлады деген күдікпен 11 адам құрықталды

Алматы облысында 12 тонна рельсті ұрлаған күдіктілер қолға түсті.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 319
Фото - Caravan.kz

«Жедел-іздестір шаралары барысында Достық станциясының №19 разъезінде 11 адам құрықталды. Күдіктілер Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары болып шықты», — деп хабарлайды ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, тамыздың 29-ына қараған түні аталған разъезде 12 тонна рельс ұрланған. Ұрылар шойын жолды тіркемесі бар «Камаз» көлігіне тиеп әкеткен көрінеді.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.