Қазақстанда сейсмолог-ғалымдар жетіспейді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда сейсмолог-ғалымдар жетіспейді

Қазақстанда сейсмолог-ғалымдар жетіспейді

Қазақстанда сейсмология саласының мамандарына тапшылық айқын сезіліп отыр.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 523
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы республикамыздың Сейсмология институты директоры Таңатқан Абақанов мәлім етті.

«Біз кадр тапшылығынан «тұншығып» жатырмыз деуге болады. Елестетіп көріңіздерші, бізде 16 облыс, 16 ТЖ департаменті бар. Олардың ешқайсысында бірде бір сейсмолог, бірде-бір геофизик маман жоқ. Мұнайлы кеніштерде де, кәсіпорындарда да маман жоқ», — деді Т.Абақанов сәрсенбі күні Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде Кембридж университетінің профессоры Джеймс Джексонның лекциясы барысында.

Осыған орай, Сейсмология институтының директоры Кембридж университетін маман даярлау саласында ыынтымақтастық орнатуға шақырды.