Алматы облысындағы мектептердің бірінде кадет класы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы мектептердің бірінде кадет класы ашылды

Алматы облысындағы мектептердің бірінде кадет класы ашылды

Алматы облысындағы №38 мектеп-гимназияда «Жас шекарашы» кадет класы ашылды.

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 651
Фото - Caravan.kz

Кадет сыныбында барлығы 28 бала білім алады. Олардың 20-сы ұл балалар, 8-і қыз балалар, деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметінен.

6-11-сынып аралығында кадеттер түске дейін жалпы білім беру бағдарламасы бойынша, түстен кейін әскери-патриоттық тәрбие, сапқа тұру, тактикалық, әскери-медициналық дайындық пәндерін оқиды. Сондай-ақ, әскери топография мен шекара қызметінің негіздерін меңгереді.

Оқу бағдарламасына із кесу, иттерді үйрету, мәдениеттану негіздері және шығыс жекпе-жектері енгізілген.