Кішкентай Ерболдың өт жолы тумысынан дамымаған. Соның кесірінен бауыры іри бастапты.Кеселінен айықтыру үшін дереу бауырын трансплантациялау қажет. Ондай операцияны біраз елде ғана жасайды. Бельгиялық дәрігерлер сәбиді аман алып қалуға уәде беріп отыр. Ол үшін қызмет құнын 220 мың долларға бағалаған. Ал жас отбасының мұндай көп ақшаны санаулы уақытта жинап беретін мүмкіндігі жоқ. Бауыр еті баласы үшін анасы Ләззаттың өзі донор болмақшы. Егер қажетті қаражат жиналса оның бауырының жартысын сәбиге салады. Енді олар тек жұрттан көмек күтіп отыр.
Ләзззат Қазиханова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Қайырымды жандардан көмек сұраймын халқымнан. Баламның өмірін сақтап қалуға көмек сұраймын. Күннен күнге жылап, жағдайы нашарлап бара жатыр. Бір жағынан қорқам шыдай ала ма, шыдай алмай ма, жете ала ма өмірге деп.
Отбасының телефоны: +77058360202