Өзіне қол салған азамат сүйіктісі үшін Ақтөбеге Алматыдан арнайы келіпті. 20 жастағы бойжеткенмен ғаламтор арқылы ұзақ уақыт хат алысып тұрған. Сөз сала келгенінде сүйіктісі тұрмысқа шығудан үзілді-кесілді бас тартады. Мұндайды күтпеген жігіт сол бойы бойжеткенді пышақтап тастаған. Бұл қанды оқиғаны марқұм қыздың 9 жасар бауыры көріп қалыпты. Қылмысы әшкере болатындығынан қорыққан жігіт ақыры биіктіктен құлап өлген.

