Алматыда зағиптардың кезекті жиыны төбелеспен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда зағиптардың кезекті жиыны төбелеспен аяқталды

Алматыда зағиптардың кезекті жиыны төбелеспен аяқталды

Алматылық зағиптар кезекті рет шу шығарды. Қаладағы көзі көрмейтін жандарға арналған оқу-өндірістік кәсіпорнын бөлісе алмай жүрген қос тарап бүгін бір-бірін жұмыс орнына кіргізбей, жаға жыртысуға дейін барды.

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

–  Әубәкіров мырза, зағиптарды бір-біріне айдап салуды қашан қоясыз?

Ақша ұрлауды да қою керек. Біздің ақшаға шалқып жүрсің.

Жанары сөнген жандардың ұзаққа созылған дауына нүкте қою үшін бүгін Қазақ зағиптар қоғамының президенті Байболат Әубәкіровтің өзі келіп, мәселені шешпек болды. Бірақ бастапқыда жанжалдасып, кейін істері сотқа жеткен зағиптардың әрқайсысы өз айтқанынан қайтар емес. Тіпті қыруар қаржыны жымқырды деген алматылық бөлімнің басшысы Алтынай Ибрагимова ақталып, енді қоғам мүлкін саудалады деген күдік бойынша Әубәкіров сот алдында жауап беруде. Таласқан тараптар бүгін қақпа алдынан тарқасты. Бірақ наразы топ жұма күні Астанаға барып, зағиптар қоғамындағы дауға биліктің араласуын талап етпек.