Келімбетов доллар бағамын 170 теңгеге дейін төмендетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келімбетов доллар бағамын  170 теңгеге дейін төмендетпек

Келімбетов доллар бағамын 170 теңгеге дейін төмендетпек

Ұлттық банк алдағы уақытта теңге бағамын өзгертуді жоспарлап отыр. Бүгін еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетов осылай деп мәлімдеді. Бұл өзгеріс алтын қорындағы соңғы өсімдерге байланысты екен.

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 404
Фото - Caravan.kz


Келімбетовтың айтуынша қазір ұлттық валютаның құнын өсіруге ең қолайлы кез болып отыр. Плюс-минус 3 теңгені құрайтын дәлізді кеңейту мүмкіндігі де туындаған көрінеді. Яғни бір доллардың құны 185 теңге маңайынан 3 теңгеге өссе, төменгі шегін 15 теңгеге түсіру мүмкіндігі қарастырылуда. Сондықтан алдағы уақытта бір доллар 170 теңгеге теңестірілуі мүмкін. Енді нақты шешім апта соңында қабылданатын болады. Ұлттық банк биыл ақпан айында теңге курсын бұрынғы қалыпта ұстап тұрудан бас тартып, АҚШ-тың бір доллары 155 теңгеден 185 теңгеге дейін шарықтаған еді.