Қоғамдық ұйымдар Школьниктің дереу отставкаға кетуін талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамдық ұйымдар Школьниктің дереу отставкаға кетуін талап етті

Қоғамдық ұйымдар Школьниктің дереу отставкаға кетуін талап етті

Владимир Школьник  дереу отставкаға кетсін!  Бүгін еліміздің 30-ға тарта қоғамдық ұйымының өкілдері жақында ғана тағайындалған Энергетика министрін шұғыл орнынан алуды талап етті. Олар құрығы ұзын министр ашықтан ашық Ресейдің мүддесіне сай жұмыс істеп отыр дейді. 

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 389
Фото - Caravan.kz

Қоғам өкілдерінің айтуынша, Школьник  бірнеше жылдан бері Ресейдің сойылын соғып келеді. «Қазатомпром» ұлттық компаниясын басқарған кезде, уран  кеніштерін көрші елге басыбайлы беріп жіберген. Енді Энергетика министрі болып тағайындалған соң лобби жасауын күшейте түсуі мүмкін. Белсенділердің ойынша, оның Мәскеуге бүйрегінің бұруы бекер емес. Себебі сол жақта отбасылық жеке бизнесі бар. Әрі «Форбс» журналының жазуынша, Школьниктің 30 жастағы ұлының байлығы 150 миллион долларға бағаланған. Осы тектес жәйттерді тізбелеген белсенділер бүгін 500 адам қол қойған хатты Елабсының атына жолдады. Олар президенттен жат жұрттың мүддесін қорғайтын адамдарды мемлекеттік қызметке жолатпауды сұраған.

Мақсат Ілиясұлы, қоғамдық белсенді
:

— «Қазатомпром» компаниясына президент боп Школьник мырза келгеннен кейін Қазақстанның бірнеше кен атом орындары «Росатомпромға» қарайтын корпорацияға өтіп кетті. Ал ол корпорацияны Школьниктің туған күйеу баласының басқаратынын жақсы білеміз.Осы уақытқа дейін Қазақстан азаматы боп келген, қазір Ресей азаматы.