Шетел азаматтарынан алимент өндіріп алу мәселесі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетел азаматтарынан алимент өндіріп алу мәселесі талқыланды

Шетел азаматтарынан алимент өндіріп алу мәселесі талқыланды

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Жоғарғы соттары төрағаларының кезекті тоғызыншы кеңесінде шетел азаматтарынан алимент өндіріп алуды жеңілдету мәселесі көтерілді.  

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 352
Фото - Caravan.kz


Жоғарғы соттың судьясы Ғалия Аққуованың сөзіне қарағанда, күнтәртібінде бірнеше баяндамалар қамтылған. Оның бірі азаматық істерді қарастыру бойынша өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу, алименттерді өндіріп алу, бала асырап алу тұрғысындағы мәселелерге арналған.

«Атап айтқанда заңнама қолданысында бірқатар сауалдар туындауды. Мәселен, бұл тұрғыда Ресей азаматынан алименттерді өндіріп алу туралы істерге тоқталатын болсақ, көрші елдің азаматы шетелдік болып есептеледі, сондықтан осындай істер бойынша ұлттық заңнаманы қолданумен қатар, біз халықаралық нормаларды пайданаламыз»,-деді ол. 

Осы орайда судья аталған істердің санаты тұрғысында сот шешімдерін өзара мойындау мен орындау маңызды болып саналатынын айтты.

«Конвенцияларда осы мәселелер қарастырылмағандықтан шетелдік мемлекеттердің жекелеген соттарында ол орындалмайды. Сондықтан, бүгінде тиісті конвенцияларға түзетулер енгізу ұсынылды»,-деді Ғ. Аққуова.