Оралда мүлікті жария ету жөніндегі комиссияға құжат қабылдайтын бөлме жабық тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда мүлікті жария ету жөніндегі комиссияға құжат қабылдайтын бөлме жабық тұр

Оралда мүлікті жария ету жөніндегі комиссияға құжат қабылдайтын бөлме жабық тұр

Орал қаласы аумағында азаматтардың, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың олардың мүліктерін жария етуіне байланысты

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 552
Фото - Caravan.kz


   рақымшылық жасау жөніндегі комиссия құрылып, оның жұмысшы органы ретінде Орал қаласы әкімінің аппараты белгіленді.

Қала әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Мұрат Өмірәлиевтің айтуынша, комиссия құрамы бекітіліп, мүлікті жария етуге құжаттар қала әкімдігіндегі 6-кабинетте қабылданатыны жөнінде хабарландыру берілді. Аталмыш кабинетке екі компьютер қойылып, комиссия хатшысына (Орал қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру, бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас инспекторы Арман Ақалбеков, ол негізгі қызметінен босатылып, осы жұмыспен айналысады) қоса тағы бір қызметкер алынады. Алайда 4 қыркүйек күні түске дейін болғанымызда, бұл бөлме жабық болып шықты. 15-кабинетте отырған жеке тұлғалардан өтініш қабылдау кеңсесіндегі бас маман Нұрсұлу Үмбетқалиева: «Хабарласып жатқан адамдар бар, бірақ әлі ешкім келе қойған жоқ. Құжаттар мұнда емес, сол 6-кабинетте қабылданады», деп жауап берді. Қала әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық-шаруашылық бөлімінің басшысы Ринат Қуанышқалиев: «Келген адамдар қабылданбай қалмайды, бәрі реттеледі», деді.