Павлодар облысының әкімі қараусыз қалған жануарларды қабылдау орнын ашу туралы пікірін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының әкімі қараусыз қалған жануарларды қабылдау орнын ашу туралы пікірін айтты

Павлодар облысының әкімі қараусыз қалған жануарларды қабылдау орнын ашу туралы пікірін айтты

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев «В добрые руки» қоғамдық бірлестігіне қараусыз қалған жануарларды қабылдау орнын ашуға қолұшын бермек.

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Бұл мәселеде биліктің қандай көмегі болуы мүмкін? Заңға сәйкес жер бөлу қажет шығар? Инфрақұрылым тартуға, демеушілерден азырақ көмек сұрауға жәрдемдесе аламыз», — деді ол бейсенбі күні журналистерге.

Әкім бұл бастаманың құрғақ сөз болып қалмауы қажеттігін атап өтті.

«Адам бос сөйлемеуі керек. Бірдеңе айтқысы келген адам жобасын, сметасын көрсетуі тиіс», — деді Қ.Бозымбаев.

Алайда, аймақ басшысы жануарларды қолдауға қаражат бөліп, үстіне мұздай су құятындардың шарасына қатыспайтынын ашық айтты.


«Мен күн сайын үстіме салқын су құямын (…), бірақ өзіңді әлеуметтік желілер арқылы жарнамалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Айлығыңды да беруге болады, ол қиын емес», — деп қосты Қ.Бозымбаев.