Қытайда журналистер пара алды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда журналистер пара алды деген күдікпен ұсталды

Қытайда журналистер пара алды деген күдікпен ұсталды

Қытайда кәсіпкерлерден пара алды деген күдікпен елдегі танымал Twenty-First Century Business Herald басылымының 8 журналисі ұсталды, деп хабарлайды ВВС. 

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz

Полицияның мәліметінше, журналистер Шанхай мен Шэньчжэндегі екі PR-агенттігімен сыбайлас болып, кәсіпкерлерден жағымды мақалалар үшін ақша талап еткен. Егер бас тартқан жағдайда, олардың кәсіптері туралы теріс хабар тарататындығын ескертіп, қорқытқан. 

Ал басылым аталған жағдай туралы әлі нақты түсінік берген жоқ.


Айта кету керек, «Twenty-First Century Business Herald» — Қытайдағы тәуелсіз, ықпалды басылымдардың бірі.