«Ендігі уақытта 2015 жылдың қаңтарынан бастап бала асырап алатын Қазақстан азаматтарына 75 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі бір реттің ақша төленетін болады. Ол 148650 теңгені құрайды», — деді ол.
Айта кетерлігі, еліміздің Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 33 680 бала бар. Олардың ішінде 21 856 бала қазақстандық отбасылардың қамқорлығында, ал 1947-сі патронаттық тәлім-тәрбие алуда.