Қазақстанда жетім қалған балалар саны кеміп келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жетім қалған балалар саны кеміп келеді

Қазақстанда жетім қалған балалар саны кеміп келеді

Қазақстанда жетім қалған балалар саны кеміп келеді .

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 557
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразалиева мәлім етті.

«Қабылданған шаралардың арқасында соңғы 5 жылдың ішінде еліміздегі жетім балалардың саны 8812 адамға азайды. Ал балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің саны 5237 балаға кеміді», — деді З.Оразалиева.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, республикада жетім және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 33 680 бала бар. Олардың ішінде 21 856 бала қазақстандық отбасылардың қамқорлығында, ал 1947-сі патронаттық тәлім-тәрбие алуда.