2015 жылы Астана-Тбилиси әуе рейсі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылы Астана-Тбилиси әуе рейсі ашылады

2015 жылы Астана-Тбилиси әуе рейсі ашылады

2015 жылы жаңа Астана-Тбилиси әуе рейсі ашылады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм департаментінің баспасөз қызметінен.

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 346
Фото - Caravan.kz


Астанадағы Грузия елшілігінің ақпаратынша, Грузия визасыз режім бекіткен елдердің азаматтары (Еуроодақ елдері, НАТО және ТМД-ға мүше елдер) 2014 жылы 1 қыркүйектен Грузия аумағында визасыз 90 күн жүре алады. Егер Қазақстан азаматы Грузияда 90 күннен астам уақыт қалғысы келсе, тек эмиграциялық виза алса болғаны.

«Грузия Ұлттық туризм агенттігінің статистикалық мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылы Қазақстаннан Грузияға келген туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 39%-ға ұлғайған, ал 2014 жылдың 8 айында 45%-ға артқан», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Алматыдан Тбилисиге дейінгі тікелей рейстер аптасына 5 рет, ал Ақтаудан Тбилисиге дейін — аптасына 3 рет ұшады. Тасымалдаушы — «Эйр Астана» әуе компаниясы.