Павлодарда полипропилен түйіршіктерін шығаратын зауыт жобасы іске асырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда полипропилен түйіршіктерін шығаратын зауыт жобасы іске асырылуда

Павлодарда полипропилен түйіршіктерін шығаратын зауыт жобасы іске асырылуда

«Нефтехим ЛТД» ЖШС полипропилен түйіршіктерін шығаратын өндіріс ошағының жобасын жүзеге асырып жатыр.

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 693
Фото - Caravan.kz

«Павлодар мұнай-химия зауыты мұнай өңдеумен айналысады. Өңдеу барысында алынған газ «Нефтехим ЛТД» ЖШС-не жөнелтіледі. Кәсіпорын оны өңдеп, полипропилен өндірісіне қажетті ұнтақ жасайды. Қазір онда ұнтақты түйіршіктеу қондырғысы орнатылып жатыр. Жалпы, мұндай жоба бұрын-соңды Қазақстанда болған емес», — деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпорынға сапары барысында.

Өндіріс ошағы биылғы жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 47,8 мың тонна полипропилен түйіршігін шығаруға жеткілікті.