Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразалиева мәлім етті.
Оның атап өтуінше, балалар үйінің шамамен 197 мың түлегі Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаеваның білім гранттарының иегері атанып, техникалық және кәсіби колледждер мен ЖОО-ларда білім алған әрі қазір де оқып жатыр. «Ағымдағы жылдың өзінде Сара Алпысқызының қолдауымен балалар үйінің 6889 тәрбиленушісіне білім алу үшін арнаы депозиттік шот ашылды», — деді ол.
З.Оразалиеваның сөзіне қарағанда, мұндай қолдау жетім балалардың тек мемлекеттік грант есебінен ғана емес, сонымен бірге жинақталған қаржысы есебінен де ақылы білім алуына жол ашады.