Бәйтерек ауылының балалары мектепке жете алмай сабақтан қалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бәйтерек ауылының балалары мектепке жете алмай сабақтан қалып жатыр

Бәйтерек ауылының балалары мектепке жете алмай сабақтан қалып жатыр

Алматы облысында оқушылар білім ошағына жете алмай, сабақтан қалуға мәжбүр. Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек ауылындағы жалғыз мектепке дейін бару үшін балалар қазылып тасталған шұңқырдан өтеді екен. Ал оны айналып өту үшін жүк көлігі қаптаған, шаңы басылмайтын жол бойымен ұзақ жүруі тиіс. Бірақ, әрине, ешкім сабаққа кір-қожалақ боп барғысы жоқ. Жергілікті әкімдік болса автобус тауып беру үшін талаптар жеткіліксіз, сондықтан сабаққа қалай жету әркімнің өз мәселесі деп отыр. Бәйтеректегілердің осы жанайқайын біз бұрын да айтқанбыз. Бірақ әлі «баяғы жартас, сол жартас» күйінде тұр. Оқу басталғанан кейін жағдай тіпті ушыққан.

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 594
Фото - Caravan.kz

Міне осы қазылып тасталған жерлермен өтуге мәжбүр. Өйткені айналып өтсе 3 шақырым  жүреді…

Қыркүйек келісімен балаларының мектепке дейін барып-қайтар жолы бәйтеректіктердің бас ауруына айналды. Себебі бұрын бос алаң болып жатқан жер жекенің қолына өтіп, оған биік қоршау орнатылыпты. Сосын қазылып жатыр. Ішімен жүру қауіпті, ал оны айналып өту тым алыс. 

Мейрамгұл Сыбанбаева, Бәйтерек ауылының тұрғыны:

Көлігі барлар көлікпен, жоқтары жаяу қатынаймыз. Жаяу 30 минут уақытымыз кетеді. Енді жолды жауып тастағаннан кейін мына жақпен айналып бір сағат жүреміз, немесе Құлжа тас жолына шығамыз.

Ал айналма жолдың сиқы мынау. Ауыл іргесіндегі тас пен құм шығаратын 7 кен орнынан ағылған жүк көліктері күндіз-түні тоқтамайды екен. Соның салдарынан тас жолдың тас-талқаны шығып, балалар тобықтан шаң кешуге мәжбүр. Ал карьер басшыларының жұмысқа деген құлшынысы ауыл тұрғындарына қауіп төндіруде.  

Өмірбай Мұқанов, Бәйтерек ауылының тұрғыны:


Бұрын бізге 1 км болады деген ауылдың тұрғани жері мен карьердің арасы. Енді қазып тастады, қалғаны 20-25 метрдей.
Бұлар күндіз-түні жұмыс істейді, тоқтамайды енді. Қазір жаз айы болған соң қысқа дейін тыныштық жоқ.

Жергілікті басшылардың айтуынша бұл өндіріс орындарына ешкім шектеу қоя алмайды. Ал оқушыларды тасымалдау үшін не жолдың сапасы, не апарар қашықтық сәйкес келмейді екен.

Бердіқожа Мамырбеков, Бәйтерек ауылдық аймағы әкімінің орынбасары:

Оқушыларды тасымалдау үшін ол жерге барар жол дұрыс болу керек, өйткені автобустағы балалардың қауіпсіздігі сақталуы керек. Тиісті автобустар дұрыс болуы керек, одан кейін тасымалданатын жердің қашықтығы 3 км кем болмауы керек.

Атқамінердің айтуына қарағанда, бұған басқа қолданар шара жоқ. Деменк, бәйтеректік оқушыларға әлі де жүк көліктерімен жарысып әрі шаң жұтып мектепке баруға тура келеді.