Атақты жазушы өз пәтерінде шыққан өрттен қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты жазушы өз пәтерінде шыққан өрттен қаза тапты

Атақты жазушы өз пәтерінде шыққан өрттен қаза тапты

Алматыда жазушы әрі журналист Эдуард Мацкевич өз пәтерінде шыққан өрттен қаза тапты. Оқыс оқиға бүгін таңертең болған.

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 339
Фото - Caravan.kz

Сол уақытта Мацкевич үйінде жалғыз болыпты. Қызыл жалын оның бүкіл пәтерін шарпыған. Үстіндегі пәтерге де айтарлықтай зақым келген. Өрт сөндірушілерді марқұмның көршілері шақырыпты. Алдын ала болжам бойынша, қызыл жалын электр сымдарының тұйықталуынан тұтанған болуы мүмкін. Эдуард Мацкевич 1939 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдап, облыстық, республикалық газеттерде қызмет етті. Сондай-ақ, ол бірнеше кітаптың авторы.

Любовь Шашкова, ақын, жазушы:

-Өте керемет адам еді. Жаны сондай таза, табиғаттың да қорғаушысы болған.  Өмірден озғаны сондай өкінішті. Жақындарына қайғырып көңіл айтамын.