Маңғыстау облысында жоғалған улы радиактивті баллонды тапқандарға сыйақы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында жоғалған улы радиактивті баллонды тапқандарға сыйақы тағайындалды

Маңғыстау облысында жоғалған улы радиактивті баллонды тапқандарға сыйақы тағайындалды

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен цезий әлі табылмай жатыр. Қауіпті контейнерді бір аптадан бері іздегендер енді оны тапқандарға қомақты сыйақы береміз деп отыр. 

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 311
Фото - Caravan.kz


Радиоактивті затқа толы аса қауіпті баллондар осыдан бір апта бұрын  Сайөтес-Шетпе тас жолында жоғалған болатын. 50 келі тартатын улы жүктің түсіп қалғанын көлік жүргізушісі де байқамапты. Ашылса болғаны у шашатын контейнерді күш құрылымдары күндіз де, түнде де жол бойынан іздестіруде. Алайда, сары түсті баллон жер жұтқандай ұшты-күйлі жоғалған. Цезийді бұрын тапқандарға «Қазпромгеофизика» компаниясы үлкен сыйақы тағайындады. Яғни баллонды бүтіндей тапсырған адам қолма-қол 1 жарым миллион теңге сыйақы алады.