Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімін не үшін жиі ауыстырғанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімін  не үшін жиі ауыстырғанын  түсіндірді

Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімін не үшін жиі ауыстырғанын түсіндірді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірлерге сапары жалғасуда.  Бүгін ол Солтүстік Қазақстан облысына барды. Қызылжарлықтар президентті өз жерінде осымен тура жиырмасыншы рет қарсы алып отыр. Осы аймақтағы бетке ұстар шаруа қожалығының басшысы Геннадий Зенченко Елбасыға   1994 жылы келген сапарында бірге түскен суретін сыйлады.

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 495
Фото - Caravan.kz

-20 жыл. Қандай жас едік…

Шаруа қожалықтарының басшыларымен емен- жарқын әңгімелескен  Елбасы жуырда Иран  президентімен кездесетінін айтты. Оның маңыздылығы сол – осы  ел арқылы Қазақстан өз астығын парсы шығанағындағы мемлекеттерге  саудаға шығара алады. Биыл еліміз 8 миллион тонна бидайды  сыртқа сатуды жоспарлап отыр. Оның әрбір төртінші тоннасы Қызылжар өңірінде өседі екен. Президент мына жағдайға назар аударды: Қазақстан мен Канада жерінің құнарлығы мен жағрапиялық жағдайы бірдей. Бірақ мұхиттың арғы жағындағы ел әр гектардан 30 центерден артық астық алады екен. Ал біздің елімізде бұл көрсеткіш 10-12 центер ғана.  «Бұл ойланатын жағдай»-,  деді Елбасы. Сондай- ақ, Нұрсұлтан Назарбаев жуырда тағайындалған облыс әкімі Ерік Сұлтановқа кеңес берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бұл әкім сіздердің жерлестеріңіз. Оған жұмыс  істеу оңай болмайын деп тұр. Ағайын туыстар көп дегендей. Бәрі жағдайларын жасауды сұрайтын шығар.  Жұмысыңды  әділ істе. Саған дейінгі әкімдер ұятқа қалған.