Мамандардың сөзіне қарағанда, бір тостаған шараптың өзі тіске зақым келтіреді, себебі, ақ шараптың құрамында зақымдауыш қышқылдар көп болады.
Росбалттың жазуынша, қышқыл тістің эмалін жұмсартады және кальцийдің шайылуына ықпал етеді. Осының салдарынан тістің құрылымы бұзыла бастайды.
Қанты көп тәтті ликерлер мен түрлі коктейльдер тісжегінің дамуы тәуекелін арттырады.
Стоматологтардың айтуынша, балдыркөк пен ірімшік тістің табиғи тазаруына жақсы әсер етеді.