Қылмысты тіркеуді қасақана жасырған полиция қызметкері сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қылмысты тіркеуді қасақана жасырған полиция қызметкері сотталды

Қылмысты тіркеуді қасақана жасырған полиция қызметкері сотталды

Алматы қаласының Түркісіб аудандық сотымен Алматы-1 станциясындағы ЖІІБ бұрыңғы қызметкеріне байланысты

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 426
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 363-1-бабы 2-бөлімі  «а» тармағымен үкім шығарылды. Бұл туралы ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын жарияланғанай, 2013 жылдың қазан айында Алматы-1 станциясындағы ЖІІБ жедел уәкілі азамат Е., Жетісу теміржол станциясында жүк контейнерін комиссиялық ашу кезінде, ішіндегі жүктің ұрланғанына қарамастан, қылмысты қасақана тіркеуден жасырып, нәтижесінде «Арена S» ЖШС -не шамамен 5,8 млн. теңге материалдық залал келтірген.

Аталған қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурысының арнайы прокурорымен тергелді.


Соттың үкімімен экс-полиция қызметкері 2 жылға бас бостандығынан айырылып, 2 жылға шартты сынау мерзімге, мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында лауазымдарға тағайындалу құқықтарынан 3 жылға дейін айырылды.