Баласын көлікте ұмыт қалдырған әкеге қасақана кісі өлтірді деген айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баласын көлікте ұмыт қалдырған әкеге қасақана кісі өлтірді деген айып тағылды

Баласын көлікте ұмыт қалдырған әкеге қасақана кісі өлтірді деген айып тағылды

АҚШ-та сот 30 градус ыстықта жабық көлікке баласын қалдырып кеткен америкалық Джастин  Росс Харристі айыптады, деп хабарлады ВВС.

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 463
Фото - Caravan.kz


 Бала жеті сағат бойы көлікте жалғыз болған. Бірнеше уақыттан кейін бүлдіршін ағзасының қызғанынан  көз жұмды.

Росс Харриске 22 айлық ұлын қасақана өлтірді деген айып тағылуда. Алайда  Харристің қорғаушысы мұны қайғылы жағдайға балауда. Адвокаттың айтуынша, Харрис баланың көлікте екенін ұмытып кеткен. Ол баланы бөбекжайға апаруы тиіс болатын, алайда ол ұлының артқы орындықта отырғанын есінен шығарып, жұмысына кеткен.