«Алматы – іңкәрім менің» фестивалі биыл ерекше өтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы – іңкәрім менің» фестивалі биыл ерекше өтпек

«Алматы – іңкәрім менің» фестивалі биыл ерекше өтпек

Ретро әндер шырқалатын «Алматы – іңкәрім менің» фестивалі бүгін кешкі сағат 19-да басталады.

  • 6 Қыркүйек 2014
  • 431
Фото - Caravan.kz

Алматыда осымен 15-ші рет өткізілгелі отырған кеш қатысушылары көрермендердің көңілінен шығуға тырысуда.

Үшінші жыл қатарынан халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде өтетін күзгі ән мерекесі биыл «Оскар» стилінде болмақ. Яғни кеш қонақтары мен әншілер қызыл кілем үстінен өтіп, әр номинация бойынша ерекше статуэткаға ие болады. Орындалатын әндер кинотуындыларға тікелей қатысты болғандықтан, көрермен кейіпкер кейпіне енген орындаушыларды бірден танымай қалуы да мүмкін. Отандық 70-ке жуық әртістен бөлек сахнаға Ресей эстрадасының ханзадасы – Николай Басков, әйгілі үш ноянның бірі – Михаил Боярский, немістің «Bed boys blue» тобы шығады деп күтілуде. Сондай-ақ, әнсүйер қауым үшін Италия жұлдыздарының бірі басты тосын сый болмақ. Думанды шара ертең кешкі сағат жетіде басталады.