Кубалық топ қазақтың хит әнін шырқап интернетті дүр сілкіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кубалық топ  қазақтың  хит әнін шырқап интернетті дүр сілкіндірді

Кубалық топ қазақтың хит әнін шырқап интернетті дүр сілкіндірді

Қазақтың әйгілі әндерін шетелдіктер де шырқап жатыр. 

  • 6 Қыркүйек 2014
  • 294
Фото - Caravan.kz


Кубалықтар жастар арасында хитқа айналған, әр тойдың сәні боп кеткен  «Аспанға қараймын» әнін біздің әншілермен бірлесе орындап, ғаламторды дүр сілкіндірді.

Кубалық жігіттер төрт жылдан бері Қазақстанда тұрады. Олар еліміздегі жастардың ауызынан түспейтін танымал әндерді сүйіп тыңдайды. Әрқайсысы бұрын Кубадағы белгілі топтардың құрамында өнер көрсеткен екен. Қазақстанға келгенде де қарап жатпай,  хитқа айналған кейбір әндерді біздің өнерпаздармен бірлесіп шырқап көрмек болыпты.  Кейін талай туындының арасынан «Аспанға қараймын» әнін таңдаған. Бірақ олар оны бостандық аралының өзіндік мәнерімен орындап шығып, ақыры осындай керемет сазды синтез дүниеге келді.