Ол үшін «HELLO Қазақстан» реалити-шоуын жіберіп алмаңыздар. Әріптесіміз Нартай Аралбайұлы жүргізетін бағдарлама аптаның әр сенбісінде 15-00-де эфирге шығады.
Бұл жобада шетелдік қонақтар қонақжай әрі жаужүрек қазақ халқының бойындағы ұлылыққа көз жеткізіп, суреттеуге сөз жетпес тұмса табиғатымызбен танысады. Яғни онда өзге елдің 12 азаматы өзара сынға түседі. Өткен аптада тұсауы кесілген бағдарламада көрермендер барлық қатысушымен танысты. Енді ертең нағыз сынақ басталады. Мұнда шетелдіктер атқа мінеді, көкпар тартады, қазақша күреседі, аламан бәйгеге шабады, ұлттық тағамдарды дайындайды, қазақтың тойына қатысады, жайлауда мал бағады.