Бурабай аудандық мешітінің бас имамын ақсақалдар ақша жеді деп айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бурабай аудандық мешітінің бас имамын ақсақалдар  ақша жеді деп айыптады

Бурабай аудандық мешітінің бас имамын ақсақалдар ақша жеді деп айыптады

Ақмола облысында дінге қатысты дау шықты.

  • 6 Қыркүйек 2014
  • 639
Фото - Caravan.kz

Бурабай аудандық мешітінің бас имамы Тоқсанбай Шәріповтың  әрекеті  жергілікті ақсақалдардың  ашу-ызысын тудырып отыр. Бұл мәселенің ушыққаны сонша, тіпті имам мен ақсақалдар осы уақытқа дейін  4 рет сотта кездесіпті. Бірақ онымен ештеңе шешілген жоқ. Бұл жерде әңгіме ақша жымқыруға байланысты екен. «Біз имамның заңсыз әрекеттерін Бас мүфтиятқа дейін талай жеткізгенімізбен, одан да түк нәтиже шығар емес» дейді ақсақалдар. 

Бурабай аудандық мешіті әу баста құрылысы аяқталмай 23 жыл тұрған. Кейін елдің игілігіне жарай бастағанда күмбезі өртеніпті. Осындай жағдайларды бастан өткерген ел ақсақалдары енді басымыз дауға қалды деп отыр. Мешітте есепші болып жүріп, бірталай заңсыздықты көзіммен көрдім деген Есенбай ақсақал жаға ұстатар жәйттерді жайып салды.

Есенбай Құсайынов, Бурабай аудандық мешітінің бұрынғы есепшісі:

-Мешіт жабдығына Қытайға Мүсенов Қазбек дегенді жіберді. 600 мың ақша түсті есепшотқа. Қытайға барып келді. Әкелген тауарына 10 есе баға қосып 595 мыңғашот  берді. Кейін ол тауардың 52 мың теңге.

Осы сияқты құйтырқы әрекеттер туралы сотқа да, мүфтиятқа да шағым түсірілген. Алайда ақсақалдар енді тексеруге келетін комиссияның әділдігіне күмәнмен қарай бастады. 

Қалиасқар Қиқарин, Щучье қаласы ақсақалдар алқасының мүшесі:

— 1 ай дайындық қылады. Адамдарды үгіттейді. Әйел болсын ер адам болсын, 1 жылқыны сойып тастайды.200-300 кісіні тамаққа тойдырады.Комиссия содан кейін бұның сөзін сөйлейді.Келген комиссия ұрлығын жауып кетеді.  

Садақаның ақшасы мүлдем есептелмейді екен. Тіпті мешітке жұрттан түсетін қаржының қайда кетіп жатқанын ешкім де білмейді. Кейде ол жұмбақ жағдайда жоғалып та кетеді.

Қадыр түні түскен ақша қалай жоғалды?

-Сіз Қадыр түні түгілі намазға жүріп алыңыз?

-Алла сақтасын,көргім де келмейді сені.

Мешіттің бас имамы арызданушыларды жала жапты деп сотқа берген. Оның айтуынша, ақсақалдар тырнақ астынан кір іздеп әуреге түсіп жүр. Әйтпесе, өз басым күнәдан тазамын дейді бас имам.

Тоқсанбай Шәріпов, Бурабай аудандық мешітінің бас имамы:

-Ақсақалдардың соншалыққа барғандығы, көшеде тұрған мешітке келуге шамасы жетпей Омбыға барып менің тұрған үйімді суретке түсіріп әкелгендері бар. Енді не айтуға болады? Күлем де қоям.

Ақсақалдар имамның мешіттен қырық қадам жердегі қазіргі зәулім үйін де көрсетті. Курортты аймаққа келгелі 5 жылда осындай үй салып, шетелдік қымбат көлік те мінген. Бұл жағдайдың бәрі жұрттың күдігін туғызып отыр.